Seedstars World Қазақстанда келешегі кемелді бастамаларды табу үшін Астанаға қайта оралады

2017 жылы 8 шілдеде қаржыландырудың бастапқы кезеңінде тұрған ең үздік 10 стартап елімізді Seedstars Саммитінде ұсыну үшін және миллион долларға дейінгі жүлдені ұтып алу үшін ​ сайысқа түседі.

Қазақстанда осымен екінші рет нарықтық экономиканы дамыту мен өз ісін жаңа бастап отырған жас кәсіпкерлерді баулитын дүниежүзілік Seedstars World стартаптар байқауы өтеді. Басты серіктестермен бірге – ЭКСПО-2017 көрмесінде  Швейцария павильоны және «Бизнес-инкубатор MOST» компаниясы біріге отырып - 2017ж. 8 шілдеде Seedstars World байқауының тұсаукесерін өткізеді.​

Басты мақсат - кәсіпкерлердің назарын нарықтық экономикасы дамушы елдерге қарай аудару болып отыр, үстіміздегі жылы Seedstars World   мұндай іс-шараны әлемнің 70-тен астам елінде өткізбекші, ондағы мақсат қаржыландырудың бастапқы кезеңінде тұрған ең үздік деген кәсіпкерлерді анықтау және миллион долларға дейінгі жүлдені ұтып алуға, сонымен қатар әлем инвесторларымен және тәлімгерлерімен байланыс орнатуға мүмкіндік туғызу. Байқаудың бұған дейінгі қатысушылары өз капиталын  жалпы сомасы  61 миллион долларға дейін арттыруға мүмкіндік алған және 800 қызметкерді жұмыспен қамтыған. ​​

Астанадағы Seedstars шарасындағы питч үшін таңдап алынатын компаниялардың құрылған уақыты 2 жылдан артық болмауы тиіс, тартқан инвестицияларының көлемі 500000 АҚШ долларынан аспауы тиіс, сондай-ақ белгілі бір нәтижесі бар, аз да болса өміршең өнімі болуы тиіс. Seedstars World командасының тағы бір қосымша критериі – стартаптың аймақтық және жаһандық масштабы. BBVA, Merck, Enel, Trecc, Standard Bank және Deloitte сынды халықаралық серіктестермен бірге Seedstars World компаниясы аймақтық мәселелерді шеше алатын, әлемдік нарық үшін тиімді өнімді бере алатын ақылды стартаптарды, олардың аймақтық кәсіпорындарын қолдау және дамыту үшін  іздейді.​

“Seedstars World – Силиконды алқап пен Батыс Еуропаның назарын аударатын алатын енді пайда болған кәсіпкерлердің жаңа буыны мен инвесторлардың басын біріктіретін алаң. Бұл шараны Астанада ұйымдастырып отырғанымызға қуаныштымыз, өйткені ол қалаларыңызда екінші рет өткізілмекші, жоғары көрсеткіштен үміттіміз. «Қазақстандағы қарқынды дамып келе жатқан экожүйе стартаптары жайлы көп естідік. Енді біз соған көзімізді жеткізу үшін осында келіп отырмыз», - деп түсіндірді, Seedstars World компаниясының бас операциялар директоры Катарина Сзуленёва. «Басқа елдерде көргенімізден үлкен әсерде қалдық, енді біздің картамызға қазақстандық жаңа жобалардың қосылуын асыға күтудеміз». ​

Қазақстаннан қаржыландыруға мұқтаж 10 үздік стартаптар жыл сайын Швейцарияда өтетін  Seedstars саммитіне питчтер байқауына шақырылады.  ​

Өтінімді мына сілтеме арқылы беруге болады: EVENT PAGE.​

Өтінім қабылдау аяқталатын уақыт: 2017 жылғы 02 шілде. ​

Жергілікті кәсіпкерлерге осындай жақсы мүмкіндікті беру және шараны тиісті деңгейде өткізу мақсатында Seedstars World осы бастаманы жыл бойы алға тартып кел жатқан МОСТ бизнес-инкубаторымен тығыз қарым-қатынаста. «Seesdstars бізді әлемдік нарыққа шығара алатын мықты серіктестердің бірі екенін былтырдан дәлелдеген. Ұйым әлемнің 60-тан астам елінде танымал. Соңғы форум МОСТ бизнес-инкубаторы үшін шынымен өте пайдалы болды. Қазақстандық стартап байқауға қатысып, одан әрі қанат жаюы үшін өзіне серіктестер тапты. Seedstars жергілікті экожүйені дамытуға қолдау көрсетіп, өз тәжірибелерімен бөлісіп отырғанына ризамыз. Біздің мақсатымыз - Наша цель – Seedstars компаниясымен ынтымақтастықта әлемдік нарықтағы Қазақстанның әлеуентін нығайту», - деп, тең құрылтайшы және МОСТ бизнес-инкубаторы компаниясының Бас атқарушы директоры Павел Коктышев түсіндірді.  ​​

Daria Golikova

CEE Associate

About Seedstars

Seedstars is a global organisation with a mission to impact people's lives in emerging markets through technology and entrepreneurship.

We roam the globe to connect with the digital changemakers of the emerging world shaping a new wave of social change. Our teams tread on the entrepreneurial arena across five continents, breaking stories about startups set upon defying the status quo. Our target represents 85% of human population, the opportunities encompass billions of lives, the scope of impact is infinite.

We invest in people, we connect teams, we encourage risk. We empower entrepreneurial spirits to swim against the tide. Join us online or in person at our events anywhere around the globe. Join us as we seek to impact billions of lives in emerging markets.

Contact

Av. Cardinal-Mermillod 36, 1227 Carouge, Switzerland

[email protected]

seedstars.com