Constant-lab компаниясы Астанада өткен Seedstars байқауында қазақстандық болашағы зор, келешегі кемел бірден бір стартап ретінде жарияланды.

Constant-lab компаниясы 8 шілде күні Астанада өткен Seedstars World байқауында еліміздің мүддесі мен өз жобасын қаржыландыру мақсатында 1 миллион АҚШ долларын ұтып алу үшін Швейцарияда өтетін Seedstar саммитінде қатысуға құқық алды.

Астанада өтіп жатқан ЭКСПО-ның Швейцария павильоны бас серіктесінің қолдауымен Seedstars World ісін жаңа бастаған дүниежүзілік кәсіпкерлерді қорғау  ұйымының қолдауымен байқаудың қазақстандық кезеңін сәтті аяқтады. Іс-шара сенбі, 8 шілде күні ForteBank-тың штаб-пәтерінде өтті. Оған жергілікті әділ қазыларға тың идеяларын ұсына білген 7 стартап қатысты.

Business Incubator MOST компаниясының негізін қалаушы әрі бас директоры,  Seedstars World елшісі Павел Коктышев іс-шараны Seedstars World-пен бірлесе отырып ұйымдастырды, ForteBank ғимарат ұсынған  ForteBank.

Байқаудың қазақстандағы кезеңінің жеңімпазы Constant-lab компаниясы, оның Clockster жүйесімен бірге – биометрлік құрылғы негізінде жұмыс уақытын да есепке алу керек деген озық ұсынысы қолайлы әрі қолданысқа ие шешім болғандықтан, Қазақстандағы келешегі кемел бірден бір стартап ретінде таңдап алынды. Ол үшін Constant-lab директоры Ержан Рысқалиевке  2018 ж. 9-13 сәуірде Швейцарияда өтетін  Seedstars саммитіне қатысу құқығы берілді. Әлемнің түпкір-түпкірінен іріктеліп алынған инвесторлар мен тәлімгерлерден тұратын 80 жеңімпазбен танысу мүмкіндігі бар бір апталық тренинг бағдарламаның негізі болып табылады. Дәстүр бойынша Саммиттің соңғы күні мыңдаған халқы бар аудитория алдында өз жобасын қаржыландыру үшін 1 миллион АҚШ долларын ұтып алу мүмкіндігіне арналады.   ​

Конверсияның жоғары деңгейі және дауыспен бақылау қызметімен қамтамасыз етілген интернет-дүкенге арналған интеллектуалды дауыс көмекшісі жобасын ұсынған NiceWidget компаниясы екінші орынды иеленді. Ал байқаудың бас жеңімпазы AdBird компаниясы, бұл компания жарнама берушілерге тауары мен қызметін әлеуметтік желі арқылы нұсқауға  мүмкіндік беретін автоматты сервисті ұсынған.

Сондай-ақ, байқауға  мына компаниялар да қатысты:

  1. Kelin, қазіргі және болашақ әйелдерге арналған анонимді әлеуметтік желі.  

  2. Қуат көзін 80 пайызға дейін үнемдейтін әрі  смартфондарды басқару үшін халыққа сапалы жарық беретін Diodey,  LED  ақылды жарықтандырғыш.

  3. Онкологиялық тексеру бағдарламасы аясында науқастардың обырдың алдын алуы  үшін арналған ONCOSCREEN мобилді ұсынысы.

  4. Экожүйе бойынша көршілес жүйеге азаматтарды біздің қалаларымыздың адамгершілікті және мейірімді бола түсуі үшін интегралдаушы Tutelar Electronics қызмет көрсету.

Әділқазылар алдында мына  10 стартап өз жобасын ұсынды:

  • Әнуар Сейфуллин - VTB Capital I2BF инвестициялар жөніндегі менеджері

  • Magzhan Madiyev   —  Ino Group  бас директоры

  • Erlan Ospanov — JSC Verny Capital  басқарма бастығы

  • Yerzhan Bagdatov — MOST компаниясының Бюро100 ұлттық бастамасының жетекшісі

  • Дарья Голикова —Seedstars World Орталық және Шығыс Еуропа елдері бойынша серіктесі

Білім беру, инновация және зерттеу ісі жөніндегі мемлекеттік хатшылар алқасының Швейцариядағы халықаралық қатынастар бөлімінің жетекшісі Елші Мауро Моруцци  байқаудың ашылу кезеңінде ерекше шабытпен сөз сөйледі.

Сондай ақ байқауда «Қазақстан мен өңірлеріндегі Fintech өткені, бүгіні және болашағы» тақырыбы бойынша топтық талқылау жасалды. Онда Prodengi компаниясының негізін қалаушы әрі бас директоры Алексей Сидоров, AIFC-дің бас экономисі Баур Бектеміров және Business Incubator MOST компаниясының негізін қалаушы әрі бас директоры Павел Коктышевтер өз пікірін білдірді.   

5 шілдеде іріктеліп алынған барлық стартаптар   (Bootcamp) оқу лагеріне бет алды, онда жергілікті және халықаралық тәлімгерлер таныстыру рәсімі бойынша олардың барлық сауалдарына жауап берді. Тәлімгер ретінде CrossFit Astana компаниясының  серіктес-құрылтайшысы әрі креативті директоры Мирас Ибраимов, Seedstars World Орталық және Шығыс Еуропа елдері бойынша серіктесі Агахусейн Ахмадов, Business Incubator MOST  компаниясының негізін қалаушы әрі бас директоры Павел Коктышев және TOP.kz. компаниясының құрылтайшысы Алмас Кебекбаевтар шақырылды.

Күн санап дамып келе жатқан жас кәсіпкерлер мен нарығы дамушы елдерге арналған бүкіләлемдік байқауды жалғастыра отырып Seedstars World компаниясы Кишшиневке ат басын тіремекші, ондағы мақсат Молдавияның ең үздік стартаптарын іріктеу. Seedstars World компаниясы өңірлік өзекті мәселелерді шешетін немесе дүниежүзі нарығына арналған пайдалы өнімді жасап шығаратын ең мықты әрі үздік стартаптарды іздестіреді.

SEEDSTARS КОМПАНИЯСЫ ЖАЙЛЫ

Seedstars – бұл халықаралық ұйым, мақсаты кәсіпкерлік пен технология арқылы нарықта экономикасы қарыштап дамып келе жатқан елдердің халқына оң ықпал ету.

Біз төрткүл дүниені шарлаймыз, ондағы мақсат әлеуметтік жаңалық әкелетін жаңа толқын жас ұрпақты іздестіру. Біздің команда бес құрлықтың кәсіпкерлерімен жұмыс жасасады, біз табыс тарихын жасаушымыз, біз бар затты қажетке жаратуға шақырамыз. Біздің мақсатты аудитория 85 пайызды құрайды, миллиардтаған адамның өмірінде оң өзгеріс жасауға мүмкіндігіміз жоғары, ықпал ету ауқымы да шексіз.      

Біз адамдарға қаржы саламыз, командалардың басын біріктіреміз, тәуекелге бел байлауға ықпал етеміз.  Біз рухы мықты кәсіпкерлердің толқынға қарсы жүзуіне мүмкіндік береміз.  Онлайн жүйемізге қосылыңыз немесе дүниежүзі бойынша өткізіліп жатқан іс-шарамызға қатысыңыз. Біз нарықтық экономикада дамушы елдерге, оның миллиардтаған халқына оң әсер етіп, септігімізді тигізуді  көздейміз, бізге қосылыңыз.  

 

Daria Golikova

Seedstars

About Seedstars

Seedstars is a global organisation with a mission to impact people's lives in emerging markets through technology and entrepreneurship.

We roam the globe to connect with the digital changemakers of the emerging world shaping a new wave of social change. Our teams tread on the entrepreneurial arena across five continents, breaking stories about startups set upon defying the status quo. Our target represents 85% of human population, the opportunities encompass billions of lives, the scope of impact is infinite.

We invest in people, we connect teams, we encourage risk. We empower entrepreneurial spirits to swim against the tide. Join us online or in person at our events anywhere around the globe. Join us as we seek to impact billions of lives in emerging markets.

Contact

Av. Cardinal-Mermillod 36, 1227 Carouge, Switzerland

[email protected]

seedstars.com